
Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар екі тас жол жабылды.
Шектеу республикалық маңыздағы Қарағанды – Аягөз – Бұғаз тас жолының 49-шы шақырымында орын алған су тасқынымен байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 сәуірде сағат 21.10-нан бастап Қарағанды облысында жолды қызыл судың алуына байланысты мына тас жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тас жолының 17-60 шақырымындағы Қарағанды — Ботақара кенті учаскесі;
«Бастау-Ақтау-Теміртау» тас жолының 0-12 шақырымындағы «ҚазМұнайГаз» ЖҚС – П. Петровка учаскесі.