Қарағанды облысы: жұмыссыздарға арналған жаңа жоба

Қарағандыда жастар жұмысқа орналаса алатын жаңа жоба іске қосылды. Жобаның қалай жұмыс істейтіні туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова онлайн режимде өткен аппараттық кеңес барысында айтып берді.

«Бірінші жұмыс орны» жобасына ЖОО мен колледж түлектері, сондай-ақ 29 жасқа дейінгі NEET санатындағы жастар қатыса алады. Кәсіпорын мен Жұмыспен қамту орталығы арасындағы шарт бойынша кемінде екі жыл мерзімге жұмыс ұсынылады. Бірінші жылы жұмыс беруші жергілікті бюджет қаражатынан 20 АЕК (58 340 тг.) мөлшерінде ай сайынғы субсидия алады. Әсем Жүніспекова хабарлағандай, жобаға бірінші болып Саран, Сәтбаев, Шахтинск қалалары мен Абай ауданы қосылды.

Қоғамдық жұмыстарға 2 563 адам орналасуға ниет білдірді.

Жастар тәжірибесіне 203 адам жіберілді.

Жұмыссыздар мамандықты тегін игере алады. Курстар «1С» бухгалтері, механизатор, қазандық қондырғыларының машинист-операторы, маникюр шебері, массаж жасаушы, пішуші және т.б. мамандықтар бойынша өткізіледі.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылады. Онлайн режимінде бірінші лекке арналған курстар басталды. Биыл облыста барлығы 1 250 адамды оқыту жоспарланып отыр.

Жоба түлектері үшін шағын несиелер мен гранттарға қаражат қарастырылған. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша биыл өңірге 22,8 млрд теңге бөлінді. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және ТКШ саласында 19 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыспен қамту бойынша тапсырмалар берді. «Біз тұрғындарды жұмысқа орналастыру бойынша барлық міндеттемелерді орындауымыз керек.

Добавить комментарий