«Қазақстан темір жолы» ҰК «АҚ баспасөз қызметі Қарағанды облысындағы теміржолдағы апаттың себебін айтты.
Жамбыл ЖТ бөлімшесінің Мойынты – Сарышаған қос жолды учаскесінің Новалы станциясында бір жолдан пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылғы 1 ақпанда сағат 13:55-те осы учаскеде жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен болатын. Құрамға бидай тиелген. Жолдан шығып кету себебі — ресейлік вагон бүйір рамасының сынуынан. Апат орнында Сарышаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеуде, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы «ҰК»АҚ баспасөз қызметі.