Қарағанды облысы: өрттен малдар қырылып жатыр

Қарағанды облысында бірнеше өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан жаппай мал қырылып жатқаны байқалады. Малдар түтінге уланып жатыр.

Қарағанды облысы Ұлытау ауданында бір тәулік ішінде он дала өрті тіркелді.

Өрттің жалпы ауданы 368 гектар жерді құрайды. Бұл туралы ақпаратты облыстың ТЖ әлеуметтік желіде жариялады.

Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылында бірінші шілдеден бері дала өртеніп жатыр. Өртенген шөптен бірнеше жүз қой уланып өлді.

Ауыл тұрғындары 300 бас өлген мал санады. Өлекселер Ұлытау ауданындағы далада жатыр. Ауыл тұрғындары онда өрт сөндірушілер жоқ деп шағымдануда, халық жедел қызметтердің көмегінсіз қалды.

«Біз өртті қолымызға не ілінсе, сонымен сөндіріп жатырмыз. Отты шүберекпен ұрамыз. Біздің көз алдымызда үй жануарлары жаппай қырылуда. Біз 300 бас өлген малды санадық. Мал — біздің тіршілік көзіміз», — дейді Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылының тұрғыны.

Өрт орнында өрт сөндірушілер қызыл жалынмен арпалысып жатыр.

«Аптап ыстықтан дала өртеніп жатыр — бір күнде он дала өрті тіркелді. Кейбір учаскелер әлі де жанып жатыр. Басқа жерлер ауыздықталды. Ұлытау ауданының аумағы қызыл жалынға оранды. Өрттің жалпы ауданы — 368 гектар. Атап айтқанда, Жангелді ауылдық округінде — 48 гектар, Қоскөл ауылдық округінде — 40 гектар, Амангелді ауылдық округінде — 44 гектар, Шенбер ауылдық округінде — 40 гектар, Борсеңгір ауылдық округінде — 20 гектар және тағы басқа жерлерде дала өртенді», — деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Ұлытау ауданының әкімдігінде жедел штаб құрылды.

Добавить комментарий