Қарағанды облысы: Қашып кеткен сотталушы ұсталды

Қарағанды облысында № 31 қауіпсіздігі орташа мекемесінің аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қашып кеткен сотталушы ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етілмейді.

29 жастағы ер адам ұрлық және көлік ұрлағаны үшін жалпы 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Добавить комментарий