Қарағанды облысында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі.
«17 Қарашада 06:15-да Қарағанды облысының Қарағанды – Сұрыптау-Ақадыр учаскесінің 767 Қарабас — ОП аралығында жүк пойызында 14 вагонның рельстен шығып кетуіне жол берілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың рельстен шығуы олардың ақаулығымен байланысты», — делінген ҚТЖ хабарламасында.
Учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Орын алған жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды. Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.