14 жасар қызға қарғыбауы мен тұмылдырығы жоқ ит шабуыл жасады. Көшеде жанынан өтіп бара жатқан адамдар жасөспірімнің көмекке шақырған дауысын естіп, көмектескен. Олар итті таяқпен ұрып, бұрыш бүркитін баллон қолданған.
Байлаусыз ит қашып кетіп, бірнеше минуттан кейін басқа учаскеде бір топ жігіттерге шабуыл жасады.
20 шілде күні Степной-4 шағын ауданында 14 жасар қызды ит талап кетті. Жасөспірім медициналық көмекке жүгінді.
Полицейлер ит иесін тапты. 36 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (31 800 теңге) көлемінде айыппұл салынды.