Арқалық әуежайы бір бөлмелі пәтердің құнымен бірдей бағада сатылады

Арқалықтағы әуежай 30 млн теңгеге сатылады. Әуежай кезінде жекешелендіріліп, иелері 20 жыл бойы мақсатына сай пайдаланбаған. Жер учаскесінің жалпы аумағы 5 гектарды құрайды.

Қаланың басқа елді мекендермен әуе қатынасы болмаса да, жергілікті билік әуежайды қалпына келтіруге ниетті емес. Оны қайта қалпына келтіру жергілікті биліктің жоспарында жоқ. Сатып алуға ниет білдірушілермен риелторлар келіссөздер жүргізуде.

Иелері қараусыз қалған әуежайды сатылымға қоюға мәжбүр екені белгілі және оны ірі қара малды немесе бидай сақтауға қойма қылып пайдалануды ұсынады.

Ал бұл Кеңес одағы кезінде салынған стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық нысан іс жүзінде жойылғанын білдіреді.

Добавить комментарий