Қапшағайда үндістандық студент суға батып кетті

Студент Қапшағай су қоймасында суға кетті. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі марқұмның Үндістаннан Қазақстанға оқуға келгенін хабарлады.

7 шілде күні сағат 14:50 шамасында Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде оқитын 1999 жылы туған үндістандық студенті суға батып кетті.

«Алматыдан келген бір топ студент су қоймасының жағажайында шомылып жүрген, кейін жағалаудан алысқа жүзіп кетті, құтқарушылардың ескертуін елемеді Бір кезде студенттердің бірі басқалардан алысқа кетіп, өз күшін есептемей суға батып кетті», — деп хабарлады ведомство.

Жігіттің денесін құтқарушылар судан алып шықты.

Добавить комментарий