Қапшағай: Бопсалаушылар тобы ұсталды

Қапшағай қаласында тәртіп сақшыларының күшімен алдын ала сөз байласу арқылы қаланың екі тұрғынынан ақша бопсалаған бір топ адам ұсталды.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қыркүйек айының соңында Қапшағай қаласының 35 жастағы екі тұрғыны олардан ірі сомадағы ақшаны бопсалау туралы арызбен жүгінген. Қылмыскерлер біреуінен 400 000, екіншісінен 240 000 теңге алып, тағы 600 АҚШ доллар беру керектігін айтып бопсалауды жалғастыруда. Аталған фактілер ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлімі бойынша СДТТБТ тіркелген.

«Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қапшағай қаласының 35, 34, 32 және 31 жастағы 4 тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің төртеуі де қамауға алынды. Ұйымдастырушы болып табылатын үлкені бұрын екі рет қорқытып ақша алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 2003 жылы үш жылға және 2008 жылы бес жылға бас бостандығынан айырылған. Аталған қылмыстарға алдын ала дайындалғаны анықталды, бұл ретте келесі материалдық талаптарды ұсыну үшін алдын ала ойластырылған сылтаулар пайдаланды. Қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында айыпталушылар өздерінің қылмыстық әрекеттерін қарыздарын қайтару туралы талап етіп жасырды», — деді Алматы облыстық Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Жәбірленушілер полицейлерге жедел және қауіпті қатерлерден арылғаны үшін алғыстарын білдіріп, тәртіп сақшылары азаматтарды зорлық-зомбылықтан қорғауда белсенді қызмет көрсеткенін атап өтті.

Добавить комментарий