Apple-дің жаңа операциялық жүйесіне қазақ тілі енгізілді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Apple компаниясының жаңа смартфонына қазақ тілі қосылғанынын мәлімдеді.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді

Apple компаниясы автотүзету функциясымен қазақ тілін операциялық жүйеге қосты. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Бүгін Apple әлем күткен жаңашылдықты жария етті. Біздің ел үшін бұл презентация аса маңызды, себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне ҚАЗАҚ ТІЛІ қосылды, автотүзету функциясымен», — деп жазды ол.

Бағдат Мусиннің айтуынша, 2019 жылы ресми тізімге енгізілсе, енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды. Бұл – қазақтілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз, деп түйіндеді сөзін министр.

Добавить комментарий