Антониу Гутерриш: «Егер ауру жойылмаса, вирус мутацияланып, вакциналар тиімділігін жоғалтады»

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш егер адамзат COVID-19-дың тез таралуын қарсы тұра алмаса, вирус мутацияланып, қазіргі вакциналар тиімділігін жоғалтуы мүмкін деп мәлімдеді.

«Егер ауру жойылмайтын болса, вирус мутациялануы мүмкін және белгілі бір уақытқа дейін тиімді болатын вакциналар тиімділігін жоғалтатынын ұмытпауымыз керек», — деді Антониу Гутерриш.

Ол дамушы мемлекеттерге көмек қолын созып, тиімді вакцинаны жеткілікті мөлшерде алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды.

Бұл мәселені шешу үшін БҰҰ басшысы кіріс деңгейі төмен және орташа елдерді Covid-19-ға қарсы вакциналаудың жаһандық схемасы — COVAX жобасына қаражат бөлуді сұрады. Антониу Гутерриш сондай-ақ вакцинаның тым көп партиясын тек өзінің ұлттық мүддесін ойлап сатып алып жатқан елдерді сынға алды.

«Мен халық санынан бірнеше есе көп вакцина сатып алып жатқан елдер бар екенін көріп отырмын. Белгілі бір уақыттан кейін вакциналар саны шамадан көп артық қалған жағдайда, оларды дамушы елдерді қолдауға бағытталған COVAX-қа тапсыру өте маңызды «, — деп толықтырды Бас хатшы.

Ол «вакциналау» ұстанымымен әрекет ете отырып, COVID-19-ды жеңу мүмкін емес деп ескертті.

«Жеңіс тек шынайы халықаралық ынтымақтастық жағдайында ғана мүмкін болады. Үкіметтер өз халқын қорғауға міндетті, бірақ басқа халықтар қорғалмаса, онда оларды қорғай алмай қалады», — деп атап өтті БҰҰ басшысы.

Добавить комментарий