Антикор ӨКМ операторының бұрынғы құрылтайшысы туралы ақпарат бергені үшін сыйақы төленеді

Антикор іздестіріліп жатқан ӨКП операторының экс-құрылтайшысы туралы ақпарат берген адамға 12,7 млн теңге сыйақы төлеуге уәде берді.

Ол 920 млн теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленді деген күдікке ілінді.

«ӨКП операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шнар Мұқтароваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.

«Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновна күдіктелуде», — деп хабарлады Антикор.

Шнар Муктароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

+7 (7172) 909 260 Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі!», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий