Антикор бизнесті қорғау жобасын іске қосты

Антикор бизнесті қорғау бойынша жаңа жобаны іске қосуды жоспарлап отырғанын айтты.

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын іске қосуда, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылар түсіндіргендей, жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

«Негізгі мақсат – сөзден іске көшу. Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын боламыз», — деді Антикор.

Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналы жұмыс істеуде. Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламаларды қабылдайды. Сондай-ақ Антикордың Call-орталығына 1424 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Добавить комментарий