Қант тапшылығы: Қазақстанға жыл соңына дейін 168 мың тонна жеткізіледі

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанға көрші елден 168 мың тонна қант жеткізіледі.

ЕАЭО елдері қант жеткізуге қажеттіліктерін өзара қамтамасыз ету туралы келісімге келді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

ЕЭК кеңесінің мүшелері ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарына ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін өзара сауда шеңберінде қант жеткізу келісімшарттарын жасасу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Бұл ретте тараптар мүше мемлекеттердің ішкі нарығына қант сату басымдығын негізге алуға тиіс. Сондай-ақ, Ресейде қолданылатын 2022 жылдың 31 тамызына дейін мұндай қант жеткізуге шектеулер ұзартылмайды.

«ЕЭК алаңында консультациялар қорытындысы бойынша келісімшарттар жасасу және қажетті қант көлемін 1 қыркүйектен кейін жеткізу мүмкіндігіне қатысты кепілдіктер беріледі. Атап айтқанда, Ресей мен Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрліктері жыл соңына дейін 168 мың тонна жоспарлы көлемді ұлғайтуға келісті. Осы жаңалықтардан кейін нарықтағы барлық алыпсатарлықтың аяқталатынына күмәнім жоқ», — деп атап өтті Комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Добавить комментарий