Қант мәселесі: Ақмола облысында бағаны белгілеуде бұзушылықтар анықталды

Ақмола облысында ірі қант жеткізушілерінде бағаны белгілеуде бұзушылықтар анықталды.

«Бағаның өсуіне және қантты сату нарығындағы дүрлігуге байланысты Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент өңір шекарасындағы қантты көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша екі ірі көтерме сауда сатушысының іс-әрекетінде бағаны белгілеу және (немесе) ұстап тұру бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды», — деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) баспасөз қызметі.

БҚДА хабарлағандай, осы тауар нарығында үстем жағдайға ие екі көтерме сауда жеткізушісінің атына қант бағасын негізделген деңгейге дейін төмендету қажеттілігі және алдағы уақытта осындай әрекеттерді болдырмауы туралы хабарлама жіберілді.

Добавить комментарий