Қазақстан Республикасы Президентінің айтуынша, қол қойылған құжаттардың ішіндегі ең маңыздысы төтенше жағдайларды басқаруда күш-жігерді үйлестіру туралы келісім және түркі елдері арасындағы гуманитарлық көмек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум болып табылады.
Жалпы, саммит түркі мемлекеттері арасындағы серіктестікті нығайтуға және олардың маңызды гуманитарлық және экологиялық проблемаларды шешуге дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.
Саммиттің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
-
Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы;
-
Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім;
-
Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.