Англияда газ бағасының қымбаттағанына байланысты екі зауыттың жұмысы тоқтатылды

Англияда газ өндіретін екі зауыттың жұмысы тоқтатылды. Оған газ бағасының өсуі себеп болды.

Бұл туралы осы зауыттарға иелік ететін америкалық CF Industries компаниясы хабарлады.

«Табиғи газ бағасының қымбаттағанына байланысты Биллингим мен Инстегі өндірістік кешендердің жұмысы тоқтатылды», — деп хабарлады компаниядағылар.

Зауыттардың жұмысы қашан қайта басталатынын нақты айта алмады.

Жақында британдық энергия компаниялары электр энергиясы бағасының өсуі кәсіпорындарды қысқы мерзімде өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр ететінін ескерткен.

Бұған дейін Еуропадағы газ бағасы мың текше метр үшін шамамен 1000 доллар болғанын хабарлаған.

Добавить комментарий