Англияда қазақстандық боксшыға қышқыл құйып жіберген

Белгісіз біреулер қонақ үйде қазақстандық боксшыға шабуыл жасап, қышқылға ұқсас сұйықтық құйып жібергеннен кейін күйік алды.

«Англияда жеңіл салмақтағы кәсіпқой боксшы Виктор Коточиговқа қышқылға ұқсас сұйық зат құйып, салдарынан ол күйік алды.

Спортшы оқу-жаттығу жиыны кезінде оған шабуыл жасалғанын айтты.

«Англиядағы жиындар мен үшін сәтсіз өтті. Қысқаша айтсам: 11 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жекке дайындалу үшін Англияға ұшып келдім. Бөлме жалдап, жаттығуға кірістім. Төрт күн өтті, бір күні түнде үйде ұйықтап жатқанымда, есіктің сыртынан шу естілді, біреу құлыпты ашуға тырысып жатты. Бірден пышақ алмақ болдым, бірақ ас үйде шанышқы мен қасықтан басқа ештеңе болмады. Есік ашылып, бірнеше адам баса-көктеп кіріп келді, бәрі капюшон киіп алған.

Ол бірден жаттықтырушысына қоңырау шалған.

«Жаттықтырушым түнде келіп, мені ауруханаға апарып, маған қамқорлық жасады, сол үшін оған үлкен алғыс айтамын! Одан кейін бірнеше күн күйікпен ауруханада жаттым, дәрігерлердің бақылауында болдым. Ешкіммен жанжалдаспадым, кімге керек болғанын білмеймін. Бір түсінгенім, жиынға сенімді жерлерге бару керек екен», — деп түйіндеді Коточигов.

Добавить комментарий