
Италиядан келген тәуелсіз бақылаушылар делегациясы пандемия кезінде қазақстандық тараптың электоралдық процесті ұйымдастыруының жоғары деңгейіне тәнті болды. Бұл туралы брифингте Италия Республикасы Парламенті Депутаттары палатасының депутаты Андреа Дельмастро Делле Ведове мәлімдеді.
“Сайлау учаскелеріне барғаннан кейін ешқандай заң бұзушылықты байқамадық. Бізді пандемия кезінде электоралдық үдерісті ұйымдастырудың жоғары деңгейі таң қалдырды. Барлық санитарлық нормалар сақталды”, – деп атап өтті Андреа Дельмастро Делле Ведове.
“Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті. Сайлау процесін ұйымдастыру бойынша қандай да бір ескертпе немесе бұзушылықтар болған жоқ”, – деп түйіндеді Италия делегациясының өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.