Қандастар ең көп қоныстанған өңірлер

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың басынан бері Қазақстанға қоныс аударған 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесіне алғанын хабарлады.

Ведомствоның ақпараты бойынша, этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,6%), Маңғыстау (18,3%), Түркістан (9,8%) және Жамбыл (6,3%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (8,1%) қалаларына қоныстанды.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 7,4% – Түрікменстаннан, 3,2% – Моңғолиядан және 8,8% басқа елдерден қоныс аударған, — деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 24,1% және зейнеткерлер саны 13,9%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 47%-ы жалпы орта білімді және 1,6%-ның білімі жоқ.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды.

Добавить комментарий