Қандай қосымшалар пайдаланушылардың жеке деректерін белсенді таратады?

Сарапшылар пайдаланушылардың жеке дерегін үшінші тұлғаға берумен белсенді айналысатын қосымшаларды анықтады. Тиісті баяндаманы киберқауіпсіздікпен айналысатын pCloud компаниясы ұйымның сайтында жариялады.

Олар жеке деректің басты таратушысы Instagram әлеуметтік желісі екенін ата өтті, ол ол пайдаланушының жеке дерегінің 79 пайызын, соның ішінде қаралым тарихымен, сондай-ақ сатып алу туралы деректерін бөліседі деген қорытындыға келді.

Тізімде екінші орында деректердің 57 пайызын бөлісетін Facebook әлеуметтік желісінің қосымшасы, артынша 42 пайызымен бөлісетін YouTube платформасы тұр, атап айтқанда, пайдаланушылар бейнебаяндарды көргенге дейін және көру кезінде көретін жарнама түрлері туралы ақпараттандыру.

pCloud мамандары жалпы қосымшалардың 80 пайызы өздерінің қолданушылары мен жазылушыларының деректеін пайдаланатынын атап өтті. Мұндай қызмет, мысалы, олардың жұмысын жақсарту және қателерді түзету үшін, сондай-ақ үшінші тараптарға беріп, жарнаманы көрсету үшін жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ұйым ең аз жеке деректі жинайтын және бөлісетін немесе оны мүлдем жасамайтын қосымшаларды бөліп көрсетті, әңгіме Skype, Microsoft Teams, Clubhouse, Netflix, Signal және Telegram туралы болып отыр.

Добавить комментарий