Анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған: полицейлер жоғалған баланы тапты

Полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 12 жасар баланы тапты.

11 маусым күні сағат 22:30 шамасында Тараз қаласының полиция басқармасына 33 жастағы жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгініп, 12 жасар ұлының жоғалғаны туралы мәлімдеген, — деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Анасының айтуынша, ол шамамен сағат 14:00-де үйден шығып, қайтып оралмаған.

Жасөспірімді полицейлермен бірге 30-ға жуық еріктілер іздеді.

Сағат 03:00-де полицейлер баланы қаланың шағын аудандарының бірінен тауып, оны ата-анасына аман-есен қайтарып берді. Жасөспірім анасына ренжіп, үйге оралмауға бел буып, қалада мақсатсыз кезіп жүрген болып шықты, — деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Баланың ата-анасы полицейлерге көрсетілген көмегі үшін алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий