Анасы қамауда отырған баласына бермек болған

Колонияда жазасын өтеп жатқан ұлымен кездесуге келген әйел мекеме қызметкерлері жүргізген түсіндірме әңгімелеріне қарамастан, баласына ақша бермек болған.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелеріне ұзақ мерзімді кездесуге келген сотталғандардың туыстарымен сотталғандарға тамақ пен бірінші қажеттілік қағидалары мен тәртібі туралы түсіндірме сұхбаттар жүргізіледі. Сондай-ақ, оларға мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткені үшін жауапкершілік туралы ескертіледі.

Алайда, жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, сотталғандардың туыстары тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әртүрлі тәсілдермен әкелуге тырысады.

Осылайша, СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесіне ұлымен ұзақ кездесуге келген азаматша Н.-дан «Қазақстан» шоколадының плиткасынан заттар мен азық-түлікті жеке тексеру кезінде 1000 (бір мың) теңге көлемінде ақша табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша материал жасалыр, шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азаматша «Н.» «ескерту» және ұлымен бір жылға ұзақ кездесуден айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Қайта жасалған теріс қылық жағдайында оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ҚР ӘҚБтК 481-бабының 2-бөлігіне сәйкес 30 тәулікке дейін қамауға алынатын болады.

Добавить комментарий