Америкалық зерттеушілер COVID-19-ға қарсы жаңа антиденені тапты

Америкалық зерттеушілер коронавирустық инфекцияға қарсы жаңа антиденелерді тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, зерттеуді әр түрлі коронавирусты тудыратын инфекциялардың ауырлығын шектейтін антиденені анықтаған ғалымдар жүргізді.

«2000-шы жылдардың басында өкпені қабындырған SARS-CoV-1 вирусын жұқтырған пациенттердің қанын талдау арқылы антиденені тапты. 1 мың 700 сынақтан өткен антидененің ішінен COVID-19 тудырған SARS-CoV-1 және SARS-CoV-2 байланысу мүмкіндігіне ие болатын 50 антиденені анықтаған. Айқаспалы антиденелердің бірі ерекше қуатты болып шықты. Ол адамдарға жұқтыратын екі патогенге екі жануарлардың әр түрлі коронавирустарымен байланысуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Ғалымдар бұл антиденене қазіргі індетті емдеуге қауқары жетеді деп есептейді.

«Ол коронавирустың кең спектрін бейтараптандыра алады. Анықталған антидене тышқандарға сынап көрді. Ол пневмониядан, COVID-19 және оның штаммдарынан, соның ішінде дельта штаммынан (жұқтырғанға дейін салатын болса) қорғайтыны анықталды . Ал ауруды жұқтырғаннан кейін салатын болса, антидене өкпе ауруларының ауыр белгілерін төмендетті», — делінген БАҚ-та.

Добавить комментарий