Америкалық Pfizer вакцинасын салдырған медицина қызметкерлері аллергиядан зардап шегуде

Америкалық ақпарат құралдары екі америкалық медициналық қызметкері коронавирустық инфекцияға қарсы Pfizer вакцинасын салдырғаннан кейін аллергиялық реакциялар пайда болғанын айтты.

Екінші медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін 10 минуттан соң басы айналып, тамағының ауырғанын сезінген. Оған дер кезінде көмек көрсетілді. Бір сағаттың ішінде оның жағдайы жақсарды.

The New York Times-тың хабарлауынша, медициналық мекеменің қызметкері тамақ жыбырлағанын, басы айналып, көзінің айналасы ісіне бастағанын сезінген.

Оған дереу тиісті медициналық көмек көрсетілді, бір сағаттан кейін ол өзінің жағдайы жақсарғанын сезінді. Қызметкер ауруханаға жатқызылмады.

COVID-екпесінен кейін жағдайы нашарлаған оқиғалар АҚШ халқын вакциналау жоспарына әсер етпейді.

Добавить комментарий