Америка ресейлік ұшақтар үшін әуе кеңістігін жапты

АҚШ Президенті Джозеф Байден Ресейдің әуе компаниялары үшін АҚШ әуе кеңістігінің жабылатынын мәлімдеді.

АҚШ Президенті Джо Байден Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ақ үй басшысы Ресей президенті Владимир Путиннің «қателесті» деп мәлімдеді.

АҚШ Президенті Джо Байден 2 наурыздан бастап Ресейдің әуе компаниялары үшін Құрама Штаттардың әуе кеңістігі жабылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Байден президенттің Twitter парақшасында жарияланған Конгреске жыл сайынғы жолдауында айтты.

Сонымен қатар, Ақ үй басшысы Ресей президенті Владимир Путин туралы пікір білдірді.

«Осыдан алты күн бұрын Владимир Путин әлемді дүр сілкіндірді. Бірақ ол қателесті… Путиннің шабуылы. Ол Батыс елдері жауап бермейді деп ойлады. Ол Еуропаны бөлісе алады деп ойлады, бірақ қателесті… Путин әлемнен бұрынғыдан да қатты оқшауланды», — деп мәлімдеді Джо Байден.

Өз сөзінде Джо Байден АҚШ әскерлері Украинадағы Ресей әскерлерімен қақтығысқа қатыспайтынын айтты.

РФ үшін АҚШ әуе кеңістігінің жабылатыны туралы Wall Street Journal басылымы хабарлаған болатын.

Бұған дейін Батыс елдері кез келген ресейлік әуе кемелеріне ЕО аумағына қонуға, ұшуға тыйым салған, оған қоса өз компанияларына Ресейге азаматтық ұшақтар мен олардың қосалқы бөлшектерін жеткізуге тыйым салған болатын.

Добавить комментарий