Amanat партиясының төрағасы, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов алдағы сайлауда Қазақстан президенттікке үміткер қатарында болмайтынын ресми түрде мәлімдеді.
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер Қошановқа 2024 жылы өтетін президент сайлауында Тоқаевпен бәсекелес бола ма деген сұрақ қойды.
«Қарастырып жатқан жоқпын, жоспарлап та отырған жоқпын, жоспарымд және ойымда жоқ», — деп жауап берді Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, Қазақстанда келесі президент сайлауы 2024 жылы желтоқсанда өтеді.
Өткен сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетіп, соңғы 30 жылдағы алғашқы жаңа президент сайлауында 70,76% дауыс жинады.
26 сәуірде мәжіліс спикері Ерлан Қошанов билеуші Amanat партиясын басқарды.