Америкалық ғалымдар 2008 жылы жерге құлаған 2008 TC3 астероидының сынығы біздің Күн жүйеміздің құрамына кіретін ергежейлі ғаламшардың бір бөлігі болуы мүмкін деп мәлімдеді.
АҚШ-тың зерттеушілері астероид сынығының құрамын талдағаннан кейін, осындай қорытындыға келді. Олардың жұмысы Nature Astronomy-де жарияланды.
2008 жылдғы 7 қазанда Судан аумағындағы атмосфераға диаметрі екі метрден бес метрге дейін жететін 2008 TC3 құлағаннан кейін, сынықтардың бір бөлігі Жер бетіне жеткен. Бірнеше айдан кейін Нубия шөлінде бір топ зерттеушілер мен студенттер «ғарыш тасының» шамамен 600 бөлігін жинады.
АҚШ-тың Боулдердегі Оңтүстік-Батыс зерттеу институтының ғалымдары салмағы 50 мг-дан аспайтын үлгісіне қол жеткізді. Алайда бұл инфракызыл микроскоптың көмегімен оның құрамын зерттеуге жеткілікті болды.
Спектрлік талдау ғалымдардың күтпеген нәрселерін көрсетті. Сынықтың ішінде минералдардың өте сирек кездесетін түрі табылды. Олардың пайда болуы үшін ұзақ уақыт бойы өте жоғары температура мен қысымның әсері талап етіледі. Мұндай жағдайлар көміртекті хондритті метеориттерге тән емес.
Ғалымдардың пайымдауынша, 2008 TC3 бір кездері Церердің ергежейлі планетасының немесе одан да үлкен дененің бір бөлігі болған деп болжады. Оның диаметрі 640-ден 1800 км-ге дейін болуы мүмкін.
Зерттеушілер жұмбақ нысанның сынықтары Күн жүйесінің қай ауданында болуы мүмкін екенін анықтау үшін сынықтарды зерттеуді жалғастырады.