Польша Минскіден әскери атташесін шақыртып алды

Шекарадағы жағдайға байланысты Минскідегі Польша елшілігі жанындағы әскери атташені Беларусь Қорғаныс министрлігіне шақырды.

Беларусь Қорғаныс министрлігі Польша елшілігі жанындағы республикадағы әскери атташеге Варшаваның Беларусь әскерилерінің шекарадағы миграциялық дағдарысқа қатысы бар деп Минскіге тағылған айыптарын негізсіз деп мәлімдеді.

«2021 жылғы 9 қарашада Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігіне қорғаныс мәселелері жөніндегі атташе, Беларусь Республикасындағы Польша Республикасының елшілігі жанындағы әскери және әскери-әуе атташесі полковник Ярослав Кембровски шақырылды. Польша әскери өкіліне Беларусь әскери қызметшілерінің Польша-Беларусь шекарасындағы миграциялық дағдарысқа қатысы бар деген негізсіз және заңсыз айып тағылғанын хабардар етті», — делінген Беларусь әскери ведомствосының сейсенбі күні таратқан хабарламасында.

«Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Польша Республикасының Ұлттық қорғаныс министрлігі туындаған даулы мәселелер бойынша сындарлы диалогқа дайын емес немесе диалогты қаламайды. Дегенмен, Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігі Польша тарапынан ұсыныс жасалады деп күтіп отыр», — деп атап өтті ведомстводағылар.

Добавить комментарий