Алтын-Орда базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды.

«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына алаяқтық ісі бойынша халықаралық іздестіру жариялады, деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Қарасай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 1982 жылы туған Данияр Әбдіғапаровқа ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша халықаралық іздеу жариялады; 1982 жылы туған Жұмадин Патовқа ҚР ҚК 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланды; 1984 жылы туған Қанат Жақаевқа ҚР ҚК 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланды; 1986 жылы туған Айдос Нұрқалиев ҚР ҚК 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған адамдарды ұстап, Қарасай ауданының қылмыстық-атқару жүйесінің УҰИ-ға қамауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген ашық ақпарат көздерінде.

БАҚ мәліметі бойынша, «Алтын Орда» базары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа тиесілі болған. Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін «Алтын Орда» базарында көптеген тексерулер жүргізілгені белгілі болды

Добавить комментарий