Алтай Республикасы: Ауданның бұрынғы басшысы ағашқа сары-көк-ақ ленталар байлады

Алтай Республикасы Турочак ауданының бұрынғы басшысы Елена Унучакова ауласында тұрған қайың ағашының талдарына сары, көк және ақ түсті ленталар байлады.

Соны көрген ауыл тұрғындарының шақыртуына полицейлер Унучакованыің үйіне келіп, лентаны не үшін байлағанын сұрады. Унучакова дәстүрлі Алтайдың дьялама, кыйра нанымына байланысты байлағанын түсіндірді.

Полицейлер оның жауабына қанағаттанды, ал оның масаң күйде болған көршісі жылы жауып қоя салмады. Ол лета байланған ағашты кесіп тастады. Унучакова оған ескерту жасап, бұл әрекетіне күнә жазылатынын түсіндіруге тырысты, өйткені дьялама — діни рәміз. Ал оған көршісі жауап ретінде «ол жақта балаларымыз қырылып жатыр» деп қысқа қайырды.

Унучакова оған Путиннен әскерді елге қайтаруды сұрауға кеңес берді. Ал ер адам болса оған: «Путиннің не қатысы бар?» деп күтпеген жауап қатты.

Добавить комментарий