Өзінің Instagram парақшасында Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов учаскелік қызметкерлер жұмысының маңыздылығын атап өтті.
«Олардың күнделікті еңбегінің арқасында елордада құқық бұзушылықтар саны азайды. Қала аудандары бойынша 30-дан астам учаскелік полиция пункттері орналасқан. Олардың бір бөлігі жөндеуді қажет етеді, екіншісі — жаңа ғимаратта, себебі бұрынғы ғимараттар ескірген… Полиция департаментінің бастығы Ержан Саденовпен бірге ескі, жаңа ғимаратты қажет ететін учаскелік полиция бекеттерін қарап шықтық», — деді қала басшысы.
Әкім ескі вокзал маңындағы және Дүкенұлы мен Әуезов көшелеріндегі учаскелік пункттеріне барды.
«Үй-жайлары ескірген тірек пункттері қызметкерлерінің орналасу орындарын анықтауды тапсырдым. Ағымдағы жылы учаскелік полиция бекеттерінің бір бөлігі жөнделді. Былтыр жазда Есіл ауданының полиция басқармасына жаңа әкімшілік ғимарат тапсырылды, онда 400-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Бұдан басқа, автопаркті жаңартамыз, тек ағымдағы жылдың күзінде ғана полицейлерге қосымша 65 бірлік автокөлік берілді. Жаңа ТК бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандардан басқа, полицияның тірек пункттерін ашамыз», — деп атап өтті Алтай Көлгінов.
Әкім Президенттің жергілікті полиция қызметін реформалау аясында учаскелік инспекторға басты рөл жүктелетінін, қызмет «полиция қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша жұмыс істеуі керектігін еске салды.
Бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп, полиция департаменті қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастырамыз», — деп уәде берді Нұр-Сұлтан әкімі.