Бүгін 35 редакцияның журналистері Алматының орталығында талшын ағашын отырғызды. Жаңа аллея Абай даңғылының бойында, Алматыбасжоспар ғимаратының жанында орналасқан, деп хабарлайды Алматы қаласының жасыл экономика басқармасына сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шамамен 200 көшет отырғызды.
«Біз талшын ағашын таңдадық, өйткені бұл алматылық ағаш, мегаполиспен байланыстырылады. Екінші себеп — жердің астында инженерлік желілер, су электр қуаты, телефон желілері және т.б. коммуникациялар өтеді. Бұл учаске ерекше емес, ал талшынның тамыр жүйесі қысқа, кемінде үш метр болады. Жалпы, қала экологтардың, сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, ағаштардың сорттары таңдалған секторларға бөлінген», — деп түсіндірді Алматы әкімдігінің жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.
Жасыл экономика басқармасының мамандары ағаштарды күту ережелері жазылған жадынамалар таратты. Өсімдіктің бірінші жылы жерсінуі үшін міндетті шарт — бұл жылына кемінде 72 рет мол суару.
БАҚ редакциялары өз көшеттеріне тақтайша орнатып, белгі тақты. Аллея Абай даңғылының бойымен ‒ Гагарин даңғылынан Жароков көшесіне дейін созылды.
Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, 2020 жылдың соңына дейін Алматыда 250 мың ағаш отырғызылады. Жаңа Алатау ауданын көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді.