Алматыны бетпақдалаға айналдыру жалғасуда

Алматы қаласының атауымен қатар келбеті де өзгеретін секілді. Енді Алматыны «Алманың отаны» деуге келмейді. Мегаполис бетпақдалаға айналуда. Жасыл желекке бай және арықтан сарқылдап ақ суы бар қала кілең тас пен тротуар және әйнек пен бетоннан салынған ғимараттарға толы қалаға айналды.

Алматыда тағы да заңсыз ағаш кесу дерегі тіркелді. 300-ге жуық ағаш кесілді.

Жандосов пен Навои көшелерінің қиылысында салынып жатқан нысанның учаскесіндегі ағаштар кесілді.

«Мамандар экологиялық белсенділермен бірге оқиға орнына барды. Оларды аумаққа кіргізбеді, дроннан түсірілім рұқсатсыз 300-ге жуық ағаш кесілгенін көрсетті», — деп хабарлады басқармадан.

Материалдар табиғат қорғау прокуратурасына беріледі.

Бұл туралы қоғам белсенділері әлеуметтік желіде хабарлады.

Добавить комментарий