Алматының бас санитарлық дәрігері қалаға ұшып келушілерге ережелерді түсіндірді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қазақстан азаматтарына Алматыға әуе көлігімен келетін адамдар үшін қандай ережелер қолданылатынын түсіндірді. Атап айтқанда, Жандарбек Бекшин шектеу шаралары туралы айтып берді, оның ішінде ПТР нәтижелері туралы анықтама болмаған жағдайда жолаушыларды қалаға келгеннен кейін коронавирустық инфекцияның бар-жоғына зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарға оқшаулауға орналастыратынын еске салды.

«Егер біздің отандастарымыз ПТР-диагностиканың теріс нәтижесі туралы қолда бар анықтамалармен келсе, онда олар паспорттық және кедендік бақылаудан жәйбарақат өтеді. Егер анықтама болмаса, онда олар арнайы карантиндік стационарларға оқшауланады. Бұл үшін төрт орын бөлінді, онда коронавирустың теріс нәтижесін алғанға дейін жоспарлы түрде емдеуге жатқызылады», — деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Осыған байланысты түрлі ведомстволардың алдына бірқатар міндеттер қойылды, деп атап өтті Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

«Қоғамдық денсаулық басқармасына анықтама болуына қарамастан, дене қызуы жоғары адамдарды инфекциялық стационарға оқшаулау тапсырылды. Оң нәтижелерді алғаннан кейін олар науқастарға арналған стационарға ауыстырылады. Карантиндік стационарларда жолаушыларға медициналық бақылау орнатылады. ПТР теріс нәтижелерді алғаннан кейін азаматтарды карантиндік стационарлардан дереу шығару қамтамасыз етіледі», — деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Бұдан басқа, Алматы қаласының әкімдігіне, Қалалық ұтқырлық басқармасына, «Алматыэлектротранс» ЖШС-ге шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарын Алматы халықаралық әуежайынан карантиндік стационарларға дейін тасымалдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Алматы қаласы Туризм басқармасы, Алматы қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлік басқармасы:

Туроператорларды Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы хабардар етуге;

Анықтамасыз келген халықаралық рейстердің жолаушыларын қабылдауға карантиндік стационарларды анықтау және дайындау.

Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігі:

Әуежай қызметтері мен ведомстволардың функционалы бойынша өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу және бекіту;

Әуе кемелерін әрбір рейстен, әуежай терминалдарының барлық үй-жайларынан кейін дезинфекциялауды қамтамасыз ету;

Әуе кемесін тіркеуден өткізу, қону және түсіру кезінде жолаушылар арасындағы қауіпсіз арақашықтықты (1 метрден кем емес) және бетперделік режимді сақтау;

Екі ұшып келу залын іске қосу;

Анықтамасы жоқ жолаушылар саны туралы мәліметтерді «COVID-19 әуежай» бөліміне беруге.

Әуежайдың желілік полиция бөлімі мен Алматы полиция департаменті қорытынды есептеуді, карантиндік стационарларға жатқызуға жататын адамдарды отырғызуды қамтамасыз етсін.

Шекара қызметі басқармасы, әуежайдың санитарлық-карантиндік пункті:

Шекаралық бақылау барысында жолаушылардың қаптап кетуіне жол бермеу мақсатында 30-40 адамнан тұратын жолаушыларды кезең-кезеңмен түсіруді, сондай-ақ паспорттық бақылаудың барлық кабиналарының жұмысын қамтамасыз ету;

Жолаушыларды екі санатқа бөлу арқылы ПТР-тесттердің болуын тексеру (№ 1 санат — ПТР-тестері бар, № 2 санат — ПТР-тестері жоқ);

әуежай терминалындағы № 1 санаттағы жолаушыларды қызметтік көлікпен халықаралық ұшып келудің негізгі залына жіберу;

№ 2 санаттағы жолаушылар тасымалдау қызметі агентінің ілесіп жүруімен халықаралық ұшып келудің қосымша залына жіберілсін;

№ 2 санаттағы жолаушылар шекаралық бақылаудан өткеннен кейін карантиндік стационарда оқшаулау үшін алдын ала дайындалған арнайы көлікке жіберілсін.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы «Ұлттық сараптама орталығы» филиалына шетелден анықтамасыз келген қазақстандықтарды ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өткізу тапсырылды. Және ПТР-зерттеу нәтижелерін сынамаларды жеткізген сәттен бастап 8-10 сағат ішінде беру.

Добавить комментарий