Алматыда Үлкен Алматы айналма жолына кіретін көшелер пайда болғаны белгілі болды. Кемінде алты ірі магистраль қаланы ҮААЖ-мен қосатын болады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті хабарлағандай, қалада ҮААЖ-ға шығуға болатын кем дегенде алты ірі магистральді ұзарту жоспарланып отыр. Қаланың оңтүстік бөлігінде Абай және Рысқұлов даңғылдарын, сондай-ақ Ақын Сара көшелерін (қазіргі Монке би) ұзартуға ниетті. Солтүстік бөлігінде Саин, Тілендиев көшелерін және Солтүстік айналма жолының бір бөлігін ұзартпақ.
Сондай-ақ, Саин мен Мөңке би көшелерінің қиылысында жолайрық салынғаны хабарланған болатын. Бұл жоба Саин көшесінің оңтүстіктен солтүстікке қарай ұзартуының қисынды аяқталуы болып табылады. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін жүргізушілер әл-Фараби даңғылынан Боралдай тасжолына дейін кедергісіз және жылдам жете алады. Ал одан әрі ҮААЖ-ға шығуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, ҮААЖ құрылысы 2018 жылы мамыр айының соңында басталған болатын. Жоба Алматы айналасында айналма жол салуды көздейді. Бұл 66 шақырымды төрт және алты жолақты автомагистральды құрайды. Ол Алматы облысында Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 14 елді мекен арқылы өтеді.
Автожол құрылысымен қатар жаңа көпірлер, жолайрықтары мен эстакадалар салу қарастырылып отыр. Аталған тасжол Батыс Қытай — Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі буыны болады.