Алматылықтарды қатты аяз күтіп тұр

Солтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын күн күрт суытады деп ескертті. Атап айтқанда, алдағы екі тәулікте қалада қалың қар жауып, 25 градусқа дейін суық болады.

«Алдағы екі тәулік бойы Алматы қаласында қалың қар жауып, ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деп күтілуде. Одан кейінгі күндері 25 градусқа дейінгі қатты аяз болады,», — делінген хабарламада.

Қала тұрғындарына мұқият әрі сақ болуды сұрайды. Көктайғақтың пайда болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арқашықтықты ұлғайтуға кеңес берді, ал жаяу жүргіншілерді тротуармен жүргенде абай болуларын сұрайды.

Добавить комментарий