Алматылықтарға 2400 көшет таратылады

Алматыда қала тұрғындарына 2 400 түп көшет таратылады.

Әкімдікке «Жасыл аула» акциясына қатысушылардан 200-ге жуық өтініш келіп түсті.

Алматыда «Жасыл аула» науқаны аясында тұрғындарға 2400 көшет таратылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биылғы науқанда жеке және заңды тұлғалардан 191 өтініш келіп түсті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 50%-ға жоғары.

Жасыл экономика басқармасы жыл сайын көктемде және күзде «Жасыл аула» науқанын өткізеді, оның басты мақсат – аулалар мен жалпы қолданыстағы аумақтарды көгалдандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Әрбір алматылыққа шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттері тегін беріледі. Науқанға қатысушылар отырғызылған ағаштарды алдағы екі жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қояды.

Ағаштарды жақын күндері отырғызып, басқармаға фото есеп жолдау қажет.

 

Добавить комментарий