Алматылық студенттер баспана жетіспеушілігіне байланысты қиын жағдайға тап болып отыр

Алматыдағы жоғары оқу орындарының жүздеген студенттері баспана мәселесіне байланысты қиын жағдайға тап болып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Ол бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғанын айтты.

«Жатақханалар мәселесі бар, бұл бір күнің емес, бір жылдың проблемасы емес, ол ондаған жылдар бойы қордаланып келе жатқан мәселе. Жоғары оұу орындары Алматыда көп шоғырланған. 36 ЖОО, барлық студенттердің үштен бірі, оның 70 пайызы — басқа қалалардан келгендер. Біз қазір Алматы бойынша ауқымды шаралар кешенін өткізіп жатақхана құрылысына, академиялық инфрақұрылымды кеңейтуге жеке капиталды тарту үшін инвесторлармен кездестік. Алматыда жеке штаб құрылды, қиын жағдайға тап болған барлық студенттердәі барлығын уақытша орналастырамыз, баспана іздеп жатырмыз. Бүгінгі таңда 130 студент қиын жағдайға тап болды, оларға көмек көрсетілді», — деп хабарлады Саясат Нұрбек ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол қазақстандық ЖОО-ларға қатаң талаптар енгізу туралы бұрынғы мәлімдемесін түсіндірді.

«Егер университет жаңа мамандық ашқысы келсе, осы жаңа мамандық бойынша студенттерді тартқысы келсе немесе тіпті жаңа ЖОО ашқысы келсе, жатақханамен 100 пайыздық қамтамасыз етуге өте қатаң талаптар қойылады. Мысалы, ЖОО 100 студентті жаңа мамандыққа тартқысы келеді делік, ол 100 төсек-орынды қамтамасыз етуі тиіс», — деп түсіндірді министр.

Ол жекеменшік ЖОО-лардың кампустарды қала сыртына көшіру бастамасын мақұлдады.

«Сүлеймен Демирель атындағы университет сияқты бірнеше жекеменшік кампустар қала сыртына көшіріп жатыр. Жаңадан құрылған Жетісу облысында талапкерлердің бір бөлігін Алматыдан алыстату үшін университеттік инфрақұрылымды дамыту бойынша үлкен бағдарлама жоспарлануда», — деп толықтырды Саясат Нұрбек.

 

Добавить комментарий