Алматылық депутат Құдайбергенов 30 тәулікке қамалды

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген сот шешімімен 30 тәулікке тергеу изоляторына қамалды.

Депутаттың қамауға алынғаны туралы ақпаратты Қайрат Құдайбергеннің адвокаты Мұрат Әмитов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталып, Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Ол биыл қаңтар айында орын алған жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілінді.

«Алдын ала тергеумен Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен («Дикий Арман» деп аталатын) бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды. Содан кейін Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан», — деп хабарлайды Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий