Алматылық бодибилдер Сергей Серещев тағы да Абсолютті әлем чемпионы атанды

18 қыркүйекте Испанияда бодибилдинг бойынша «Arnold Classic-2021» халықаралық жарысы өтті.

Аталған жарыста қазақстандық делегация 10 спортшыдан құралды. Бірақ 30 жастағы Сергей Серещев ғана жүлделі орынға иелі болды. Алматы тұрғыны 2 медаль жеңіп алды: кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы және «Arnold Classic» чемпионы.

Қазақстан тарихындағы алғашқы бодибилдер Сергей Серещев, 2018 жылы Арнольд Шварценеггердің қолынан кәсіпқойлар арасында бодибилдинг бойынша абсолютті чемпион атағын алды, 2021 жылы тағы да «Классик Физик» санатында кәсіпқойлар арасында абсолютті әлем чемпионы атанды.

Добавить комментарий