Алматыдан шығысқа қарай магнитудаcы 5,0 балды жер сілкінісі болды: Сейсмологтар жер дүмпуін тіркеді

8 қыркүйекке қараған түні «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның» сейсмологтары Алматыдан 661 шақырым қашықтықта магнитудаcы 5,0 балдық жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 01:26-да болды, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығыс бағытта, Қытай аумағында орналасқан.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7, ал магнитудасы (MPV) 5,0. Тереңдігі 5 км.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінің Алматыға немесе жақын маңдағы өңірлерге сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, 6 қыркүйекке қараған түні Алматыдан 419 шақырым қашықтықта тағы бір жер сілкінісі болған. Оның магнитудасы 4,4 балды құрады, ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан.

Добавить комментарий