Алматыда жоғалған балалар табылды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-41273-1666809621-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Алматыда жоғалған балалар таудан табылды. Олардың барлығы бір үйдің балалары.

Балаларды қала тұрғыны Ермек Шаншыбаев тапты. Олардың жоғалғаны туралы ақпаратты ол WhatsApp-таралымдардан оқыған. Ер адам табылған балаларды видеоға түсіріп, чаттарға жіберген.

«Міне, қыз бен екі ұл. Тауда адасып қалған екен. Түнде олардың артынан ит қуды дейді. Түні бойы қашып, таудан түсіп кеткен. Барлық чаттарға жіберіңіздер», — дейді Шаншыбаев.

Оның айтуынша, балалар оның көршісінің үйінде түнеген.

«Таңертең малды жайылымға шығарғанмын. Содан көршімнің үйінен балаларды көрдім. Мен оларды алып кетіп, қазір ата-анасының қолына тапсырғалы жатырмын», — деді ер адам.

Кейін полицейлер оқиғаның барлық хронологиясын айтып берді. Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, 25 қазан күні сағат 23:45 шамасында балалардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне кәмелетке толмағандардың анасы қоңырау шалды.

«Жергілікті тұрғыннан кәмелетке толмаған балаларды іздестіруге жәрдем көрсету туралы хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, күндіз оның 6 жасар ұлы ағайындары — 11 жасар ұл мен 13 жасар қызбен үйінен шығып, қайтып оралмаған», — деді өңірлік полиция департаменті.

Кәмелетке толмағандарды іздестіруге өңірдің жеке құрамы дереу бағытталды және полицияның барлық кешенді күштері мен нарядтарына бағдарлар жіберілді.

«Полиция департаменті бастығының жеке бақылауындағы іздестіру шараларына еріктілер де қосылды. Нәтижесінде кезекші тәулік ішінде кәмелетке толмағандарды Бесағаш ауылынан 12 шақырым жерде Бесқайнар ауылдық округінің таулы жерінен “Табаған” ТА бағытында жергілікті тұрғын тапты».

Қазіргі уақытта кәмілетке толмаған балалар үйлеріне аман-есен оралды. Ал балалардың ата-аналары полицейлерге және іздеуге көмектескендердің барлығына шын жүректен алғыстарын білдірді. Өз кезегінде тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларына қырағы болуды сұрайды және мұндай фактілер туралы дереу хабарлау қажеттігін жеткізді. Есіңізде болсын, сіз неғұрлым тез хабарласаңыз, жоғалған адамды табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады», — деп толықтырды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Добавить комментарий