Алматыда жер сілкінісі орын алған жағдайда ғимараттардың 30% қирап қалуы мүмкін

Қазақстанда жойқын жер сілкінісі орын алған жағдайда ғимараттардың 30%-ға жуығы қирап қалуы мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты.

«Алматы — еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінің бірі. Алматы тектоникалық плиталардың 27 қауіпті жарылу аймағында орналасқан. Негізгілері — қаланың таулы аймақтары. Ең қауіптісі — Түрксіб ауданы, қалғандары — Медеу, Бостандық аудандары опырылуы, сондықтан қауіп жоғары. Жер сілкінісі кезінде ғимараттардың 60%-ы қирап қалады дегенге мен келісе алмаймын. Бірақ болжамды мәліметтер бойынша, амплитудасы 9 және одан да жоғары балдық жер сілкінісі кезінде Алматыда тұрғын үйлердің 30 пайызы зардап шегеді», — деді Құлшымбаев бейсенбі күні өткен брифингте.

Оның айтуынша, тұрғын үйлердегі ең қауіпсіз орындар — көтергіш қабырғалардың асты.

«Баспалдаққа шығуға болмайды. Бұл ең қауіпті жер, біз Түркияда қаза тапқандардың көбісі баспалдақпен түспек болғанын байқадық. Өзіңіздің үйіңізде көтергіш қабырғалардың астында қалған дұрыс», — деді вице-министр.

 

Добавить комментарий