Алматыда 22-23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін қаладағы жер үйді жалға беру нарығында айтарлықтай өзгерістер болды. Бір тәулік ішінде жекеменшік үйлер мен саяжайларды жалға алуға сұраныстар саны төрт есеге, ал ұзақ мерзімді жалға алу екі есеге артты, деп хабарлайды Krisha.kz.
Пәтер сатуға ниет білдірушілер азайды, ал Астанада тұрғын үйге деген сұраныс тұрақты болып отыр, жеке секторға деген қызығушылық артты. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл уақытша құбылыс.
Алматыда жалға берілетін үйдің орташа құны тәулігіне 100 000 теңге. Мұндай үйлер негізінен сауық кешін өткізуге, мереке тойлауға арналған. Ондай ғимаратта бар, мангал тұратын орындар, караоке болады. Сол үшін де қымбат.
Қазір жер үйдегі жалға алу бағасы мына шамада:
- 2 бөлмелі саяжай — 10 000 теңге;
- 3 бөлмелі жер үй — 25 000 теңге;
- 4 бөлмелі үй — 35 000 теңге.