Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметінің бұрыңғы директоры мен орынбасары сотталды, деп хабарлайды Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен:
- Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының «Жедел медициналық жәрдем қызметінің» бұрынғы директоры А.И.Аменов 6 жылға бас бостандығынан айырды;
- аталған ШЖҚ-ның директорының орынбасары А.Б. Алмаутова 3 жылға бас бостандығынан айырды;
- «Авангард-спецодежда Казахстан» ЖШС директоры Н.Б. Саядова және сол компанияның коммерциялық директоры Е.Е. Аксеновқа -54 000 000 теңге сомасына жиырма еселенген пара сомасы (2 700 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.
- аталған ШЖҚ-ның №3 қосалқы станцияның аға фельдшері А.С. Құрманғалиеваға 1 000 000 теңге сомасына пара сомасының он еселенген мөлшерінде (100 000 теңге) айыппұл салды.
«Әменов пен Алмауытова «Авангард-спецодежда Казахстан» ЖШС директоры Саядова мен сол компанияның коммерциялық директоры Аксеновтан жалпы сомасы 27 202 560 теңге болатын 230 дана медициналық сөмкелерді жеткізу үшін «Авангард-спецодежда Казахстан» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін 2,7 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенді. Құрманғалиева екі фельдшерді жұмысқа орналастырғаны үшін Әменовке 100 мың теңге көлемінде пара берді деген күдікке ілінді», — деп хабарлады Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Сотталған лауазымды адамдар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енбеді.