Алматы қаласының полиция қызметкерлері қарақшыларды ұстады, Екі ер адам үйде қабылдап, интимдік қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздарға шабуыл жасаған. Олар өз жұмысының ерекшелігіне байланысты қыздар полицияға жүгінбейді деп есептеген. Қаскөйлер өздерін клиенттер ретінде хабарласып, кездесуге келіседі, қыздар көрсеткен мекен-жайға келгенде, олар шабуыл жасап, ұрып-соғып, қорқытып тонап кетеді. Полицияға хабарлағандай, 33 жастағы достар бұған дейін де тонау және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотты болған. Ер адамдар қыздардың жарнамаларына клиенттер ретінде қоңырау шалып, үйлеріне барып, тонап кеткен.
«Күдіктілер қыздарды ұрып-соғып, қорқытып, ақша, телефон, зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Бәлкім, қаскөйлер қыздар полицияға арыздануға қорқады деп ойлаған шығар», — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталып, УҰИ-ға қамалды, құқық қорғау органдарының мәліметінше, оларда бес қылмыстық эпизод бар. Полициядағылар хабарлағандай, ұсталған ер адамдар синтетикалық есірткі қолданатын болып шықты.
Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендердерді полиция келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды: 254-47-02 және 254-47-03.