Алматыда жаппай сенбілік өтеді

Алматы тұрғындарын 2022 жылдың 8 қазанында тауда өтетін сенбілікке қатысуға шақырды.

Іс-шара «Қоқыссыз таза табиғат!» ұранымен өтеді.

Жаппай экологиялық сенбілік 8 қазанда бес танымал туристік орындарда өтеді.

Осыған байланысты қала әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік! Ресейлік экоблогер 27 жастағы Алексей Сибирсий әйелі мен балаларымен бірге Орал қаласына көшіп келіп, Қазақстандағы өмірін өзеннің жағалауын тазарту акциясымен бастады.

«Көп адам келеді деп ойламадым, адамдардың ықыласты болғанына қуаныштымын. Тіпті Қазақстан бойынша шағын тур жасауды, экологиялық проблемалардың бетін ашуды, өз қолыммен бірдеңе жасауды жоспарлап отырмын», — деп түсіндірді блогер.

Добавить комментарий