Алматыда жүргізуші куәлігін сатқан күдікті ұсталды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-44179-1670531794-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Оңтүстік астананың тәртіп сақшылары заңға қайшы әрекеттер жасаған күдіктіні ұстады, ол алты қазақстандық жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдап, 150 мың теңге алған

Бостандық ауданының полицейлері жүргізу куәлігін “алып беруші”
26 жасар жігітті ұстады.

Тергеу тобы шаһардың кем дегенде 6 тұрғынын алдады деп отыр.

«Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті өзін ХҚКО қызметкерімін деп таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға көмектесуді ұсынған. Күдікті өз қызметін 150 мың теңгеге бағалаған. Жедел шаралар жүргізілді. Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді», — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Полиция алданғандардың көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды тәртіп сақшыларына хабарласуын сұрайды.

Добавить комментарий